Таразда "Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Биыл ата-бабамыз сан ғасыр бойы аңсаған арайлы азаттығымызға 33 жыл толды. Еңселі егемендігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан тұғырлы Тәуелсіздікке жету үшін жанын пида еткен батырларымыздың ерлігінен өнеге алып, оларға тағзым ету – баршамыздың қастерлі парызымыз.

Бүгінде байтақ Отанымыз сан түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдерін топтастырған береке мен бірліктің мекеніне айналды.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Егемендік жылдары Тараз қаласының да көкжиегі кеңейіп, барлық салада ілкімді істер жүзеге асырылып келеді.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Көне шаһардың келбеті жыл өткен сайын ашылып, көркіне сән қосатын еңселі нысандар бой көтеруде. Әлбетте, мұның барлығы тұғыры биік тәуелсіздігіміздің жемісі екені даусыз.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков және зиялы қауым, саяси партия, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, облыс және қала ардагерлер мен жастар "Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты