Алматыдағы "Сайран" автовокзалы коммуналдық меншікке қайтарылуы мүмкін

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігі "Сайран" автовокзалының меншік иесімен оны коммуналдық меншікке қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Журналистің автовокзал аумағын ауқымды қайта құру және абаттандыру жоспарлары туралы сұрағына қала басшысы "Сайран" 2000 жылдардың ортасында жеке меншікке берілгенін еске салды. 2018-2019 жылдары меншік иесі ғимаратты базалық жаңғыртуды жүргізді.

"Біз үшін автовокзал үлкен ішкі көлік хабы ретінде өте маңызды. Алматының Бас даму жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес автовокзал қоғамдық — іскерлік аймақта, атап айтқанда, көліктік қызмет көрсету объектілері аймағында орналасқан, сондықтан ол жолаушылардың ауысып отыруларына өте ыңғайлы", — деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімі автовокзал иелерімен одан әрі реконструкция жүргізу және бірыңғай кешен құру үшін оны коммуналдық меншікке қайтару бойынша келіссөздер басталғанын атап өтті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Азық-түлік 18%-ға қымбаттауы мүмкін: Дүниежүзілік банк дабыл қақты

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады