Ақтөбе облысында балалар салқын балабақшаға барып жүр

Фото: pexels
Ақтөбе қаласына қарасты Бекқұл баба ауылындағы жалғыз балабақша талапқа сай емес. Ғимараттың іші салқын, балаларымыз жаппай ауырып жатыр дейді тұрғындар.

Мұнда 95 бала тіркелген. Алайда, қазір оның тек қырықтан астамы ғана барып жүр. Ата-аналар бұған дейін жылы көрпелер мен электр пештерін өздері апарып берген, деп жазады qazaqstan.tv.

Ескі ғимараттың қабырғалары жарылып, терезелерінің жанындағы сыЛақтары түсіп қалған. Тұрғындардың айтуынша, балалардың көбінің өкпесі қабынған. Қазір ем алу үстінде.

"Осы балабақшаға менің бір емес, екі балам келеді. Ішінің салқын болғаны соншалық, осы күн салқындағалы қазан айынан бері балаларым үш рет ауруханаға түсті. Пневмания дейді, бронхит дейді, іші салқын. Бізді кіргізбейді. Мысалы, бір топта 25 бала болса, қазір әрі кетсе 7-8 бала отыр. Қалғанының бәрі ауырып жатыр, бәрінде де сондай диагноз." Айнұр Қабылтаева, Бекқұл баба ауылының тұрғыны

Бұл жеке балабақша болғандықтан қызметкерлер ата-аналар мен тілшілерді мекеме ішіне кіргізуден бас тартты. Мұндағы жылу жүйесінің дұрыс еместігін білім бөлімі басшысының өзі де мойындады. Кемшілік тез арада жойылмаса, мектепке дейінгі ұйымның жұмысы тоқтауы да мүмкін. Ал ауылда балабақшаға ыңғайлы өзге ғимарат жоқ.

"Ішкі температура режимі дұрыс емес. Кемінде 23-24 градус болу керек, бұл жерде одан төмен.Сол себептен балаларға салқын тиюі мүмкін. Енді қазір бұл мәселе бойынша ата-аналардың арызын аламыз, соның негізінде комиссия құрып, қарап, әрі қарай бұл балабақша жұмыс істей ме, жоқ па, соны шешу керекпіз." Әліби Латып, қалалық білім бөлімінің басшысы
Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты