Астанада алаяқтың арбауына түскен зейнеткер үйінен айырылды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласының 65 жастағы тұрғыны Байқоңыр аудандық полиция басқармасына алаяқтық әрекетке тап болғаны жөнінде арызданды.

Оқиғаға бейжай қарамаған тәртіп сақшылары бірден тергеуге кірісіп, күдіктіні бір тәулік ішінде қолға түсірді. Зейнеткер наурыз айында тұрғын үй сатып алу мақсатында 9 миллион теңге көлеміндегі жинағын алаяқтың шотына аударып, оның жалған құжаттарына сенген.

Өзінің қулығын шебер ұйымдастырған алаяқ зейнеткерді қымбат пәтерлерді арзан бағамен алып беремін деп сендіріп, арнайы сценарий құрастырыпты.

Тергеу барысында күдіктінің тұрғын үйлерге қатысты алаяқтық схемасы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да азаматтарды алдағаны белгілі болып, тергеу амалдары жалғасуда.

Астана қаласының полиция департаменті қала тұрғындарына сақтық шараларын ұстануды ескертеді. Бейтаныс адамдарға сенбеуді, тексерілмеген ақпарат көздерінен аулақ болуды, сондай-ақ банктер мен уәкілетті мекемелердің ресми телефондарына қоңырау шалу арқылы мәліметті нақтылауды ұсынады.

Соңғы уақытта алаяқтардың онлайн режимде, әсіресе зейнеткерлерді алдау арқылы әрекет етуі жиілегенінен құлағдар етеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді