Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжат алды

Сурет: ҚР ІІМ
Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжаттанды. Олардың ең үлкені – 110 жаста. Оңай Бекбаева Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрады.

Жақында ол құжат алу үшін көші-қон қызметінің көмегіне жүгінді. Облыс полицейлері жаңа жыл қарсаңында өңірдің ең қарт тұрғынына жаңа жеке куәлік пен төлқұжатты тапсырып, қал-жағдайын біліп қайтты.

Полицейлер келген кезде әжей сәлемдесе алмады, бірақ балалары қонақтарды қуана қарсы алды.

Айтпақшы, Оңай апа 9 құрсақ көтерген. Бүгінде оның 25 немересі мен 33 шөбересін тәрбиелеп отырған үш қызы мен екі ұлы бар.

Әжейдің ұлдары мен қыздары полицейлердің көрсеткен ықыластарына алғыстарын білдіріп, халықтың тыныштығын қорғау саласындағы қиын қызметтеріне сәттілік тіледі.

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің мәліметіне сүйенсек, биыл Қазақстанда 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген.

Айта кеткен жөн, денсаулығы нашарлаған және күнделікті жүріп тұруы қиын адамдарға көші-қон қызметтері тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев