Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйел мен бала құқығын қорғау айтарлықтай қолға алынған

Фото: pexels
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет мәліметінше, 2024 жылы полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 72 мың қорғау нұсқамасы, сондай-ақ 16 мың жағдай бойынша сот шешімдері қабылданды.

"Сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарына айтарлықтай көңіл бөлінеді. Бүгінде елімізде осындай 69 орталық жұмыс істейді",- делінген мәліметте.

Оған жыл басынан бері 5,5 мың әйел, оның ішінде 3,7 мыңы балалары бар ана жүгінген.

Мәселен, соңғы 5 жылда әйелдер құқығына қол сұғатын қылмыстар саны екі есеге азайған. Атап айтқанда келесідей қысқарды.

Сондай-ақ, балалар құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу саласында 12 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді.

Сурет: primeminister.kz

Сонымен қатар жыл басынан бері 35 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс, оның ішінде суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын 127 сайт анықталды.

Сурет: primeminister.kz

Бұған дейін Павлодар облысында 400-ге жуық берекесіз отбасы есепке қойылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты