15 жылқыны ұрлады деген күдікпен шығысқазақстандық қолға түсті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы азамат 15 жылқыны ұрлады деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйек айының соңында ер адам қараусыз жайылып жүрген жылқы үйірін байқап, түннің қараңғылығын пайдаланып, оларды өзі жұмыс істейтін фермаға айдап әкеткен.

Күдікті ұрланған малдың тоғызын сатып, бір бөлігін базарға өткізген. Осылайша жәбірленушілерге жалпы 6 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Ауыл тұрғындары жоғалған жылқыны іздеуге кіріскенде, күдікті өзіне күдік келмеуі үшін қалған жылқыларды еркіндікке жіберген. Дегенмен, полицейлер қылмыстың ізін суытпай, тергеу барысында күдіктінің бұл іске қатысы бар екенін анықтап, оны ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеу мүмкін болды. Қазіргі уақытта мал ұрлығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тұрғындарға өз малын қараусыз қалдырмау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін тағы бір еске салады. Полицейлердің айтуынша, сақтық шараларын сақтау ұрлықтың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды