Алматыда алаяқтардың техникасы тәркіленді

Фото: Zakon.kz
Полицейлер қалалық прокуратураның үйлестіруімен және ұялы байланыс операторларының бірінің мамандарының көмегімен алаяқтық тізбекке қатысушылардың бірін анықтады.

Оның жалға алған үйінде "Киберпол" қызметкерлері 36 GSM-шлюзін тапты, оның ішінде әртүрлі ұялы байланыс операторларының 63 СИМ-картасы бар.

Арнайы іс-шара барысында шағын АТС әкімшісі қызметін атқарған 22 жастағы жігіт ұсталды.

Алмалы аудандық полиция басқармасы абоненттің ұялы байланыс құрылғысының сәйкестендіру кодын, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату деректері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті қамауға алынды.

Алаяқтыққа қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша жедел шаралар жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты