Алматыда есірткі жасырған күдікті құрықталды

Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери жасағы қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде есірткі жасырған адамды ұстады.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Құлмұхамед Рахатұлы және патрульші қатардағы жауынгерлер Павел Лучкин мен Денис Зорин Алмалы ауданында қызмет атқару кезінде өзін күдікті ұстаған жас жігітті байқаған.

Бұл туралы ұландықтар дереу әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлады. Әскери қызметшілер оны тұрғын үйлердің ауласындағы ағаштардың арасынан бір затты іздеп жатқанын байқады.

"Ол бізге күдікті болып көрінді. Сосын оған жақындадық. Бізді байқаған күдікті қашуға тырысты, бірақ біз оны ұстап алдық. Қалтасындағы заттарын шығарып жатқанда ақ целлофан пакетке оралған белгісіз зат түсті. Бірден полиция қызметкерлерін шақыртып, күдікті азаматты ұстап тұрдық", – деді ұландық Құлмұхамед Рахатұлы.

Әрі қарай күдікті оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне табысталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді