"Қазақтелеком" Tele2/Altel-ді қатарлық компанияға сатты

Сурет: Zakon.kz
"Қазақтелеком" ұлттық компаниясы Qatar Power International Holdig (PIH) компаниясымен Mobile Telecom-Service сату жөніндегі мәмілені аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 14 қаңтарда "Қазақтелеком" басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді.

"Министр болған кезімде Қазақстандағы телекоммуникация саласы тым монополияланғанын айтып жүргем. Мемлекет басшысы да экономиканың негізгі салаларын демонополизациялау қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын. Бүгін "Қазақтелеком" АҚ "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясындағы 100% үлесін Катардың Power International Holding холдингіне сату бойынша мәмілені аяқтағанын қуана хабарлаймын", - деп жазды ол Telegram-каналында. 

Мусин Power International Holding холдингі ірі халықаралық ойыншы ретінде Қазақстанның телекоммуникация саласын жаңа деңгейге көтеретініне сенімді.

"Осындай нағыз бәсекелестік жағдайында операторларға бағаны төмендетіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсетуіне тура келмек. Мұндай ашықтық тәсілі нарықта инновацияларға жол ашып, тұтынушылық тәжірибесін жақсартатынын басқа елдерден көруге болады. Біз ашық және бәсекеге қабілетті нарыққа бет алдық, бұдан тұтынушылар мен бизнестің ұтары көп екені сөзсіз".Бағдат Мусин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі