Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды

Сурет: pexels
Түрксіб ауданының "Жас Қанат" шағын ауданында қараусыз қалған аумақ жайлы қоғамдық кеңістікке айналды. Жоба "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Сквер аумағында кешенді жұмыстар жүргізілді: асфальт пен кеспе тас төселді, көшеге жарықтандыру элементтері, автоматты суару жүйелері, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Сонымен қатар, автотұрақ орындары жабдықталып, арық жүйесі жүргізілді. Алдағы маусымда жас көшеттер отырғызу жоспарланып отыр, бұл скверді одан әрі жасыл желекке айналдырып, жайлы ете түседі.

Жаңа кеңістіктің басты ерекшелігі – ауданы 450 м² болатын мұз айдыны. Жаз мезгілінде ол ролик тебуге арналған алаңға айналмақ. Мұз айдыны жергілікті тұрғындардың, әсіресе балалардың көңілінен шықты. Олар бұл жерде уақытын қызықты өткізуде.

"Маған сабақтан кейін осында келіп, сырғанау қатты ұнайды. Үйіме жақын жерде мұз айдыны болса екен деп көптен армандаған едім. Қазір мен мәнерлеп сырғанаудың кейбір элементін үйреніп алдым, тіпті артқа сырғанай аламын. Қазір достарыммен бірге жаңа элементтерді: айналу мен спиральды үйреніп жүрміз. Кешке келсеңіз керемет, гирляндалар жанып тұрады, бәрі өте әдемі әрі ерекше атмосфера береді", – деді "Жас Қанат" шағын ауданының тұрғыны Арман Батыров.

Түрксіб ауданында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жалпы 40 көркейту жобасы жоспарланған. Бағдарламаның тиімділігін және тұрғындардың белсенділігін ескере отырып, 2024 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаев қаржыландыруды 18,8 млрд теңгеге дейін арттырды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге көп. Осылайша, алматылықтарға аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді, спорт және балалар алаңдарын құруға арналған 364 жобаны ұсыну мен жүзеге асыру мүмкіндігі берілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті