Қазақстандағы мемлекеттік басқару элитасын тәрбиелейтін тұңғыш ұлттық мектеп Алматыда пайда болады

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда "ABAI ULTTYQ MEKTEBI" тұңғыш ұлттық мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, жаңа білім ошағы Абай философиясына, оның ішінде "бес асыл" іс идеясына негізделеді. Оқу процесі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған. Ол үшін Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толық көлемде қолданылады.

"Республикалық дарынды балаларға арналған Абай атындағы арнайы мектеп-интернатын модернизациялау отандық білім саласының дамуына жаңа серпін беріп, өскелең ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға үлес қосады. "ABAI ULTTYQ MEKTEBI" заманауи білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті жастар үшін оқу-ағарту орталығына айналуы қажет. Ол Мемлекет басшысының "Адал азамат" тұжырымдамасы мен Абайдың "Толық адам" іліміне сәйкес патриоттардың жаңа буынын қалыптастыруға, мемлекеттік басқарудың қазақстандық элитасын тәрбиелеуге бағытталған. Қазіргі уақытта біртұтас "ABAY-Programme" бағдарламасы әзірленуде, онда қазақ тілін және бірнеше шет тілін тереңдетіп оқуға басымдық берілген", — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Айта кетейік, жаңа білім ошағының құрылысы былтыр қараша айында басталған еді. Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушы орнына арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған. Білім ұйымын 2026 жылы қолданысқа беру жоспарланған.

Ал 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды, соған байланысты Білім министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың жол картасын әзірледі.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті