Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан

Фото: pexels
Алматыда шетелдік көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан жолаушылар тасымалдаған.

Алматы қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысқан шетелдік азаматты анықтады.

"Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары "Hyundai" маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті көршілес елдің азаматы басқарғаны белгілі болды. Ол танымал тасымалдау платформаларының бірінде өзге адамның атымен тіркеліп, заңсыз такси қызметін атқарып жүрген.

Тексеру кезінде оның бұрын жол-көлік оқиғасына кінәлі болып, жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

"Қазіргі уақытта құқық бұзушы арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның Қазақстан аумағынан шығару мәселесі қаралуда. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды", – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Айта кетейік, Алматыда жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау, қоғамдық көліктердің қауіпсіздігін арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында "Тасымалдаушы" республикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында қоғамдық көліктердегі кез келген заңсыздыққа "мүлдем төзбеушілік" ұстанымы негізінде қатаң шаралар қолданылуда.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды