Алматы облысында 7 тонна есірткі тәркіленіп, 19 есірткі зертханасы жойылды

Фото: pexels
2024 жылы Алматы облысы прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында есірткі қылмысына қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Барлығы 223 қылмыстық іс тіркелді. 19 есірткі зертханасы жойылып, заңсыз айналымнан 7 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде:

Облыс прокуратурасы бастамашы болған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Талғар ауданында "Альфа-PVP" есірткісін өндіретін зертхана жойылып, 350 литр дайын өнім мен 765 литр прекурсорлар тәркіленді.

Тергеу барысында ірі есірткі желісін ұйымдастырушылар мен сатушылар ұсталды.

Тағы бір жағдай бойынша, 2024 жылдың қаңтарында Еңбекшіқазақ ауданы аумағында ірі есірткі зертханасының заңсыз әрекеті тоқтатылды. Ресей Федерациясынан келген синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 2 күдікті анықталып, ұсталды. 8 кг дайын есірткі және оларды өндіруге арналған 2 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. 2024 жылдың қазан айында сот үкімімен екі кінәлі 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Есірткі қылмыстарының алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Жоба аясында прокуратура полиция қызметкерлерімен, коммуналдық қызметтермен және 5000-нан астам еріктілермен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.

Нәтижесінде:

Аталған фильм білім беру мекемелерінде белсенді көрсетіліп, әлеуметтік желілерде 1 млн астам қаралым жинады, бұл оның қоғам тарапынан оң қабылданғанын дәлелдейді.

Облыс прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті