Блогерлік атын жамылып бопсалаумен айналысқан: Ішкі істер министрлігі 20-дан астам фактіні анықтады

Фото: pxhere
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері осындай 20-дан астам фактіні анықтап, жолын кесті. - Көлік полициясының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына теміржол компаниясының қызметкерлері шағымданған.

Оларға қоқан-лоққы көрсетіліп, жүйелі түрде бопсалауға ұшыраған. Өзін "блогер" ретінде көрсеткен күдікті жолсеріктердің әртүрлі бұзушылықтарын олардан ақша бопсалау мақсатында түсіріп отырған.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 48 млн теңгеден асты. Ол бопсалаудың 60 эпизоды бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жетісу облысында жедел уәкілдер құрылыс саласындағы кәсіпкерден 10 млн теңге талап еткен "блогерді" ұстады.

Ол тұрғын үй құрылысындағы құқық бұзушылықтар туралы жарияланымдармен қорқытқан. Алматы қаласында сотталған адамнан 10 млн теңге бопсалады деп күдіктелген "блогерлер" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Одан бұрын супермаркеттер желісіндегі бұзушылықтарды түсіріп, 27 млн теңге бопсалаған "блогер" құрықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Осыған ұқсас жағдайлар Атырау, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды. Барлық күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысында "блогерлер" қаралайтын мәліметтерді жариялау туралы қоқан-лоққы жасай отырып, оқу орындарының басшыларынан үлкен көлемде ақша бопсалаған. Сот оларға 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ІІМ бопсалау жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Өздігінен қоқыс тастағаны үшін шенеуніктерге 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

"Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады": Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді

Қазақстан картопты үшінші елдерге тасуға тыйым салды

21 қаңтарда Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды