АҚШ-тағы мигранттарға арналған жаңа ережелер: қазақстандықтар нені білуі керек

Сурет: ҚР Қаржы министрлігі
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) Елшілігі маңызды мәлімдеме жасады. Онда қазақстандықтарға АҚШ-тың шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталған көші-қон саясатын қатаңдату туралы ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дипломатиялық өкілдіктің мәлімдемесінде:

Құрметті Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары! ҚР АҚШ-тағы Елшілігі Америка Құрама Штаттары шекара қауіпсіздігін нығайту және заңсыз миграцияны азайту мақсатында миграциялық саясатын барынша қатаңдатқанына назарларыңызды аударады. Шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз миграцияны азайтуға бағытталған шаралар елге заңсыз келген шетелдіктерге (визасыз келген және тұрақты тұруға рұқсаты жоқ азаматтар) және АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарға қатысты болып отыр. Қамауға алу және елден шығару сынды мәжбүрлеу шараларымен қатар, АҚШ-қа қайта кіруге шектеулер енгізіліп, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттар мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді жою қарастырылуда.

АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге (құжаты жоқ, жарамсыз виза мен тұрақты тұруға рұқсаты (Грин Карта) және басқа құжаттар болмауы) елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр.

Бұл шара Қазақстан азаматтарының депортацияға ұшырау қаупін азайтуға және оның салдарынан болашақта АҚШ визасына өтініш бергенде ел аумағына кіруге тыйым салынуынан сақтануға көмектеседі.

Тағы бірқатар өзгерістерді атап өтуге болады:

АҚШ көші-қон заңнамасындағы өзгерістер туралы ресми ақпаратты келесі ресурстардан бақылап отыруды ұсынамыз:

- АҚШ азаматтығы және иммиграция қызметі (USCIS);

- АҚШ Мемлекеттік департаменті – Консулдық мәселелер бюросы

Төтенше жағдайлар немесе консулдық-құқықтық көмек қажеттілігі туындаған жағдайда, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды