Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы криминалдық полициясының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен қалада пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топты Байзақов пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысында құрықтады.

Оның құрамында – 38 бен 45 жас аралығындағы төрт ер адам бар. Олар – Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарынан келгендер.

"Өткен демалыс күндері бұл күдіктілер темір торларды кесіп, терезені күштеп ашу арқылы Шашкин көшесіндегі үйлердің бірінің пәтеріне кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаған. Күдіктілерді ұстау барысында айғақты заттар, атап айтқанда, алтын бұйымдар мен ақшалай қаражат тәркіленді және қылмыстық іске қосылды. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция Басқармасындағы әріптестерім тергеп жатыр", – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті