Астанада автобус күтіп тұрған ер адамның телефонын ұрып-соғып алып кеткен

Сурет: polisia.kz
Астанада аялдамалардың бірінен автобус күтіп тұрған ер адамның телефонын ұрып-соғып алып кеткен 29 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті жолдың қарсы бөлігіне өту кезінде аялдамада жалғыз тұрған азаматты байқайды. Одан Redmi телефонын тартып алып қашып кетеді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні телефонын сатпақ болып тұрған жерінен ұстады.

Полицейлер ұрланған затты тәркілеп, өз иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта тонау дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ер адам Астана полиция департаменті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін