Бұл туралы театр директоры Мақсат Нұралиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
"Біздің театр үшін осындай маңызды іс-шарада қазақ театр өнерін көрсету – зор жетістік. Мен "Mamluk. Сұлтан Бейбарыс" спектакліне өз жанын салған дарынды әртістерімізді, режиссерларымызды, музыканттарымызды, жалпы барлық шығаршашылық құрамды мақтан тұтамын", – деді Мақсат Нұралиев.
Сондай-ақ, театр труппасын Франциядағы Авиньон фестиваліне "Алтыбақан" премьералық спектаклімен шақыруы мүмкін. Айта кетерлігі, "Алатау" театры соңғы жылдары халықаралық қатынас бағытындағы жұмысты белсенді дамытуда. 2024 жылы театр әртістері Қытайда өнер көрсетті, сондай-ақ Алматы әкімдігінің қолдауымен жетекші шетелдік мәдени орталықтарда оқудан өтті.
Биыл театр Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын дәріптейтін жаңа қойылымдар ұсынады.