Жамбыл облысында "Заң және тәртіп" қағидаты аясында құқық қорғау саласының өкілдері жастармен кездесті

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Тәуелсіздік залында "Заң және тәртіп" қағидаты аясында құқық қорғау саласының өкілдері жастармен кездесті.

Шараға облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушылары мен студенттері және бірқатар белсенді жастар қатысты.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дөңгелек үстелді облыс әкімінің орынбасары С. Сәлемов жүргізіп отырды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Заң мен тәртіптің дұрыс үйлесімі – қоғамның дамуына, өздеріңіздей жастарымыздың қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады. ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде "Заң және тәртіп" қағидаты аясында кездесулер ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта облысымыздың әр ауданында осындай шаралар өткізілетін болады" – деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Жанаев, Тараз қаласының прокуроры Н. Боранбаев және М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің проректоры А. Тұрлыбек баяндама жасап, "Заң және тәртіп" қағидаты аясында атқарылған жұмыстар және алдарғы жоспарларымен бөлісті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды