Алматыда 2027 жылдан бастап дизельді автобус жүрмейді

Фото: Zakon.kz
Мегаполистің жауапты шенділері мәслихаттың кезектен тыс сессиясында алдағы 2-3 жылда электрлі және газбен жүретін қоғамдық көлік қана қалады деп тағы уәде берді.

Жергілікті билік бұл мәселені бұған дейін бірнеше мәрте көтеріп, сөз берген.

Олар дизельді машина сатып аларда Еуро-5 стандартына сай келетін, ауаны ластамайтынын аламыз деген еді. Алматы әлемдегі ең лас қалалардың бірі саналады, деп жазады qazaqstan.tv.

Мысалы биыл алып шаһар бірнеше мәрте халықаралық рейтингте бірінші орынға шыққан болатын.

"Алматы қаласында қазіргі таңда 201 маршрут бар. 25 тасымалдаушымен қамтамасыз етіліп жатыр. Дизель отыны бойынша қазір қаламызда жұмыстар атқарылып жатыр басқарма тарапынан. Барлық автопарктерге хат жолданды. Осы 26 жылға дейін бүкіл автобустардың газға немесе электроавтобусқа ауыстыру деген." Азамат Ешанқұл, қалалық мобильдік басқарманың бөлім басшысы
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін