Анталья–Астана бағытындағы ұшақ қазақстандықтардың қатысуымен болған төбелеске байланысты шұғыл түрде қонды

Фото: flickr
Анталиядан Астанаға ұшатын Pegasus Airlines авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы жолаушылар арасындағы төбелес салдарынан Эрзурум әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

TRTHaber ақпаратынша, 2025 жылғы 14 ақпанда ұшу кезінде украиналық ерлі-зайыптылар мен қазақстандық екі әйел арасында жанжал болған. Жанжалдың арты төбелеске ұласты. Ушыққан жағдайға байланысты ұшқыш Эрзурумға қонуға шешім қабылдады. Онда төртеуі де ұшақтан түсірілді.

Оқиға қатысушыларын медициналық тексерістен өткізу үшін ауруханаға жеткізді, артынша полиция бөліміне апарды. Қарсыластар бір-біріне шағым түсірді. Жанжалдың басталу себебі белгісіз.

Деструктивті жолаушылар түсірілгеннен кейін ұшақ өз жолын жалғастырды.

Бұған дейін Жамбыл облысында мал ұрлықшылары сотталғандығы хабарланған болатын. 

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді