Елімізде созылмалы аллергиясы бар науқастар көбейіп барады

Фото: Zakon.kz
Елімізде созылмалы аллергиясы бар науқастар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Ал оны емдейтін дәрігерлер тапшы.

Маман жетіспеушілігі мәселесін талқылау үшін бүгін Астанада Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараға Қазақстаннан бөлек, Испания, Түркия, Ресей, Германия елдерінің білікті мамандары жиналды.

Дәрігерлердің айтуынша, аллергиялық аурулардың тұқым қуалап, өршіп кету қаупі жоғары, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан ақ халаттылар ауруды асқындармау амалын қарастырып жатыр.

Тіпті үмітсіз қалған науқастарды биологиялық ем арқылы құлантаза айықтырған жағдайлар да кездеседі екен.

"Биологиялық ем деп тұрғанымыз – ең ауыр науқастарға арналған ем. Оны астмаға қолданамыз, атопиялық тері ауруына, одан кейін есекжем деген ауру бар соларды емдеу үшін биологиялық терапияны қолданамыз. Өте қымбат емдеу. Оны біздің мемлекетіміз ауруларға ақысыз түрде бөледі." Ғалия Түсіпбекова, ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аллерголог-иммунологы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін