"Медеуде" жаппай сырғанауға бірнеше күнге тыйым салынады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
2025 жылғы 17-21 ақпан аралығында "Медеу" БТСК аумағында ҚР финалдық кубогы және конькимен жүгіру спортынан ҚР командалық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты "Медеу" мұз айдыны әкімшілігі демалушылар мен қала тұрғындарына үндеу жасады.

"Спорттық шаралардың өткізілуіне байланысты 17, 18, 20 және 21 ақпан күндері жаппай сырғанаудың 1-сеансы (10:00-12:30) және 2-сеансы (13:30-16:30) уақытша тоқтатылады. 19 ақпанда жаппай сырғанаудың 1-сеансы (10:00-12:30) тоқтатылады", делінген хабарламада.

Жарыс бағдарламасы:

"Медеу" мұз айдыны әкімшілігі спортсүйер қауымды спортшыларды қолдауға және олардың тамаша өнерлерін тамашалауға шақырады.

Бұған дейін Алматы қалалық ТЖД көктем алдында мореналық көлдерге көктен шолу жүргізгенін хабарлаған болатынбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған