Жетісу облысының прокуратурасы алаяқтар пайдаланатын интернет ресурстарын бұғаттады

Фото: pexels
Жетісу облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында интернет алаяқтар пайдаланылған 5 ықтимал сілтемені және 3 бейне жарнаманы анықтады. Олар азаматтардың қаражатын қылмыстық жолмен иемдену мақсатында қолданылған.

Анықталғандай, бұл интернет–ресурстар мен "Youtube" платформасындағы бейнероликтер ресми емес және жалған сілтемелер арқылы жасалып, пайдаланушыларға инвестиция түріндегі салымдар арқылы жинақтарды көбейту сылтауымен таратылған.

Жеке деректерді (ТАӘ, телефон нөмірі, электрондық пошта) толтырғаннан кейін, бұл ақпарат алаяқтарға беріліп, азаматтардың ақшалай қаражатын заңсыз иемдену рәсімдері жүргізілген.

Анықталған сілтемелер "Кибербақылау" жүйесіне енгізіліп, нәтижесінде олар бұғатталып, жойылды.

Облыс прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға және жеке деректерін күмәнді интернет ресурстарға жібермеуге шақырады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты