Мәжіліс депутаттары Сенаттың Бюджет кодексіне енгізілген түзетулерімен келісті

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 19 ақпанда өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Сенаттың Бюджет кодексіне, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру және "Концессиялар туралы" заңның күші жойылды деп тану туралы заңға енгізген түзетулерімен келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның хабарлауынша, 6 ақпанда Парламент Мәжілісі қабылдаған Бюджет кодексі мен оған ілеспе заң Сенаттан төменгі палатаға оралды.

Сенат 92 түзету енгізді, оның 70-і Бюджет кодексіне және 22-і ілеспе заңға.

"Түзетулердің 55-і редакциялық және нақтылаушы, 36-сы Қазақстанның жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкестендіруді көздейтін және 1-і республикалық маңызы бар мәселелерді шешуге (су қоймаларын, каналдарды және гидротехникалық құрылыстарды дамытуға мемлекет кепілдігімен алынған несиелер бойынша шығыстарды субсидиялауға) қатысты", – деді Татьяна Савельева.

Ол Сенат енгізген түзетулер заңдардың тұжырымдамалық нормаларын өзгертпейтінін атап өтті.

Парламент Сенатының депутаттары Ұлттық қорды пайдалану мен бақылауға қатысты түзетулер енгізуді ұсынғаны бұдан бұрын хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек