Павлодар барындағы кісі өлімі үшін сотталған қазақстандық сот залында босатылды

Фото: Zakon.kz
Павлодарда бар маңында болған қайғылы оқиғаға қатысты сот үкімі қайта қаралды. Бұл істе 21 жастағы жігіт өзіне пышақпен шабуыл жасаған бейтаныс адамның өліміне айыпталған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Astana TV" дерегінше, оқиға 2024 жылы жазда болған. Ол кезде сот айыпталушыны қасақана ауыр дене жарақатын келтіріп, абайсызда адам өліміне әкелді деген айыппен 4,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Алайда марқұмның анасы бұл жазаны тым жеңіл деп есептеп, оны күшейтуді талап етті. Прокуратура оны қолдап, жазаны 8 жылға ұзартуды сұрады. Ал қорғаушы тарап жігіт тек өзін қорғағанын айтып, толықтай ақтауды талап етті.

Апелляциялық сот видеожазбаларды қайта қарап, медициналық сарапшының пікірін тыңдап, істі қайта саралады.

"Ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жаза мерзімінде есептелген қамауда ұстау уақытын ескере отырып, екі күн үшін бір күн есебінен Қ. жазасын өтеген болып есептелсін және дереу қамаудан босатылсын", – деп Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұрат Солтыбаев сот қаулысын жариялады.

Соттан кейін жігіт мұндай шешімді күтпегенін мойындады.

"Маған 8 жыл берілуі мүмкін екенін естігенде, бәрі біткен шығар деп ойладым. Бірақ әділдікке сендім", – деді ол.

Бұған дейін Ұлытау облысының бұрынғы бас экологы мен оның орынбасары түрмеге қамалғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді