Түркістан қаласында 185 баланың туа біткен жүрек ақауы бар

Фото: freepik
Елімізде жыл сайын бес мыңға тарта сәби жүрек ақауымен дүниеге келеді. Ал Түркістан қаласында 185 бала туа біткен жүрек ақауы диагнозымен тіркеліп тұр.

Бұл көрсеткіш жыл сайын 30-40 балаға өседі. Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирургтері мен кардиолог дәрігерлері осындай балаларды Астанаға сабылтпай, облыс орталығындағы емханада қабылдады.

Науқастарға тегін кеңес беріп, ультрадыбыстық зерттеу аппараты арқылы балалардың жүрегін тексерді. Ота жасайтындарға жолдама ұстатты, деп жазады qazaqstan.tv.

"Басты мақсат – ерте диагностика жасап, жүрегінде ақаулары бар балаларды емдеу" дейді ақ халаттылар.

"Түркістан облысынан 200-дей баланы операцияға алып кетемін жылына. Қарайтын балаларым әр келген кезде бір жарым мыңдай бала қараймын. Біз операциядан кейін бұл балаларды бес жылға дейін бақылауымызда ұстаймыз. Операциядан кейін бұл балалар 3 ай, 6 ай, 1 жылдан кейін қаралып отырады." Бауыржан Тұяқбаев, Ұлттық ғылыми медицина орталығының балалар кардиохирургы
Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды