Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

Сурет: polisia.kz
Арнайы операция аясында қылмыстық схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші жағдайда Қонаев қаласының 31 жастағы тұрғыны азаматтардың сеніміне кіріп, заңсыз түрде пайда тапқан. Сондай-ақ оның тағы бір өрескел іске қатысы бар екені анықталды – балаға емге қаражат жинап, адамдарды алдаған.

Екінші жағдайда 26 жастағы ер адам өзін жүк тасымалдаушы ретінде таныстырып, тауарды жеткіземін деген уәдемен 180 мың теңгені иемденіп кеткен.


"Барлық факті бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғаушылар күдіктілердің басқа алаяқтық әрекеттерге қатыстылығын тексеруде. "ANTI-FRAUD" операциясы жалғасуда, ал полиция азаматтарды сақтық танытып, алаяқтық схемалары туралы хабарлап отыруға шақырады", - деп мәлімдеді киберполиция қызметкерлері.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады