Таразда бірден бес медициналық мекемеге "жарылғыш заттар" орнатылған

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
24 ақпан күні таңертең Таразда барлық шұғыл қызметтер дабыл қағып, қызу жұмысқа кірісті. Олар қаладағы бес медициналық мекемеден белгісіз біреулер орнатып кеткен жарылғыш заттарды іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін тараздықтар мұншалықты көп полицейлерді, өрт сөндірушілер мен кинологтарды көрмеген.

Бұл ретте, анонимді хабарлама бірде-бір мекен-жай бойынша расталмады. Шамамен бір апта бұрын белгісіз адамдар дәл осындай хабарды колледж, мектеп және ірі сауда орталығы бойынша таратқан болатын. Ол кезде 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оқиғаға кінәлілері әлі ұсталған жоқ.

Сарапшылар хабарламалардың SIM-бокс арқылы жіберілгенін анықтады: әдетте оларды алаяқтар пайдаланады. Құрылғы иесі басқа аймақтан табылды. Қазір полиция барлық оқиғалар тізбегін қалпына келтіруде.

Құқық қорғау органдары оқиғалардың бір-бірімен байланысын анықтауда.

Бұған дейін Тараздағы екі колледжге жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабар тарағаны хабарланған болатын.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды