Алматыда тонау фактісі камераға түсіп қалды

Сурет: primeminister.kz
Алматының Алмалы ауданында жедел уәкілдер екі қарақшыны ұстады. Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында, олар, өтіп бара жатқан 58 жастағы азаматқа шабуыл жасап, жеке мүлкін тартып алған.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Бұл қылмысты жедел ашуға бейнебақылау жүйелері ықпал етті.

Олардың көмегімен тонаудың минут сайынғы хронологиясын құру және күдіктілердің жүру бағытын анықтау мүмкін болды.

"Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілуде", – деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батуржан Абдумасаров.

Полиция, Алматыда барлығы 176 мың 670 бейнебақылау камерасы жұмыс істейтінін еске салды.

Өткен жылы олардың көмегімен 3 мың қылмыс ашылды, ЖҚЕ бұзуды қосқанда 3 миллион 728 мың 094 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс