Асырап алған баласын азаптап өлітірген әйел сотталды

Фото: Zakon.kz
Щучинск қаласында асырап алған екі жасар баласын азаптап өлтіріп, оны 4 жыл жасырып келген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Сәбидің 65 жастағы өгей әжесі де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпарына сүйенсек, қылмыс былтыр көктемде әшкере болған. Бес бала асырып алған отбасында бір балақайдың басы жарылып ауруханаға түседі. Сол кезде қамқоршысы шатасып, ауырған баланың емес, өлген баласының туу туралы куәлігін апарған.

Басы жарылған баланың жарақаты оқыс құлағаннан емес, әдейі ұрғаннан болуы мүмкін деп күдіктенген тәртіп сақшылары тексеріс жүргізсе, асырандылардың бірі төрт жыл бұрын көз жұмған. Оның мүрдесін жер үйдің ауласына көміп тастаған.

Сотта әжесі кінәнің бәрін өз мойынына алып 21 жылға сотталса, шешесі 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. 

"Кухаль Надежда Васильевна қорытынды сот үмімі бойынша 21 жылға бас бостандығынан айрылсын. Өмір бойына педагог қызметін көрсету мен кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу құқығынан айрылсын. Ал Трофимова 4 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айырылып, кінәсін орта деңгейдегі қылмыстық атқару мекемесінде өтесін". Дархан Бейісов, Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы 

Бұған дейін Шымкент-Астана бағытындағы ұшақ бортында студент қыздың есінен танып қалғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды