Алаяқтар әдетте, сот алдындағы жауапкер адамдарға қоңырау шалып, сот отырысына қатысуын растауды сұрайды. Өздерін сенімді көз ретінде көрсету үшін олар фамилиясын, аты-жөнін (ТАӘ), жеке деректерін, жалған немесе жарамды сот ісі бойынша ақпаратты хабарлайды.
Артынша, қатысуды растау үшін алаяқтар SMS-код баратынын айтып, оны айтуды сұрайды. Осылайша олар өздеріне қажет ақпараттарға қол жеткізе алады.
"Қарапайым адамдарға хабарласпас бұрын шабуылдаушылар оларды әлеуметтік желілер мен ағып кеткен мәліметтер базасы арқылы мұқият зерттейді",- деп ескертті мамандар.
Негізгі кеңестер:
- Егер SMS-те белгілі бір лауазымды тұлғаға кодты айту сұралмаса, оны ешқашан бөгде адамдарға айтпаңыз.
- Әлеуметтік желідегі парақшаларыңызды бөгде адамдар үшін қолжетімсіз етіңіз. Сіздің жазбаларыңызды тек таныстарыңыз көре алатын болсын.
- Кез келген жағдайда сабырлы және қырағы болыңыз.
Бұған дейін елордада азаматтарды пәтерге тіркеу шектелетіндігі хабарланған болатын.