Түркістан облысында ақыл-есі кем жігітті туыстары жаппай зорлап келген

Фото: freepik
Түркістан облысында ақыл-есі кем жігітті жаппай зорлады деген күдікпен алты адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпаратына сүйенсек, Келес ауданының 24 жастағы тұрғыны өзін 14 жылдан бері туыстары мен ауылдастары қорлап жүргенін анасына айтып берген.

"Бұл жерде 100 шақты үй тұрамыз. Шағын ауыл. Өзімнің аталас, қайнымның үш баласы, бір үйдің үш баласы бұл жерде кезек-кезегімен істеп келген. Одан кейін тағы өзінен 10 жас кішкентай бала да зорлап келген. Өзінен үлкен де зорлап келген, кіші де зорлап келген. Менің күйінетінім сол. Бұның әлсіздігін пайдаланып, әкесі жоқ екенін пайдаланып, жылдар бойы қорлап келген",- деді жәбірленушінің анасы.

Ал зорланды деген жігіт туабітті мүгедек. Ақыл-есінде кемістігі бар оның дамуы төрт жасар баланың деңгейінде қалып қойған. Айтуынша, ауылдастары ұзақ жыл зорлап келіпті. Соңғы рет ақпан айында қорланған жігіт, қатты ауырсынған соң, бәрін анасына айтып берген. Осыдан кейін полицияға шағымданып, іс қозғалған.

Күдіктілердің төртеуі ересек болса, екеуі — кәмелетке толмағандар. Солар жазасыз қалады деп алаңдайды анасы. Ал "алдын ала сөз байласып, топ-тобымен сексуалды зорлық-зомбылық көрсету" бабымен іс қозғаған полиция департаменті тиісті сараптамалар тағайындаған. Күдіктілердің тағдыры соның қортындысына байланысты болмақ.

"Аталған факті полиция бөлімінде тіркеліп, барлық мән-жайыy анықтауға бағытталған жедел-тергеу жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер алты жергілікті тұрғынды жеткізіп, жауап алды. Сараптамалар тағайындалды және жедел тергеу шаралары жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады. Іс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Бейнеу ауданы прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтарды анықтағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024. Толық мәтін

"Әділет" партиясы AMANAT құрамына қосылады: партия съезі бірауыздан қолдады