БҚО-да мемлекеттік грант қаржысы мақсатсыз жұмсалған

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Батыс Қазақстан облысында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант алған тұрғындар қаражатты мақсатсыз пайдаланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары құны 63 миллион теңге болатын 121 жобада заңсыздықты анықтады.

Бұл заң бұзушылық соңғы 5 жылда аудандар мен облыс орталығындағы жұмыспен қамту орталықтарында тіркеліп отыр.

Атап айтқанда, бір тұрғын кәсіп ашамын деп, тігін машинасын, гравитациялық үтік, басқа да құралдарды сатып алу үшін 505 мың теңге мемлекеттік грант алған. Алайда қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Тағы бір кәсіпкер шағын кондитерлік цех ашамын деп, грант ақшасына пеш, тоңазытқыш, мұздатқыш және кілегей шайқағыш пен үстел сатып алған. Кейін шайқағышты сатып, қалған бұйымдарын ауыл тұрғындарына беріп жіберген.

Сондай-ақ былтыр бизнесті дамытуға грант алған 59 кәсіпкер әлі күнге дейін алынған бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын растамаған.

"Бұл, өкінішке қарай, жеке азаматтар тарапынан жіберіліп отырған қате. Ал мемлекеттік органдар мен қызметкерлер тарапынан тәуекел болған. Яғни қағидалар мен ережелердің нақты қалай тексерілетіндігі, әртүрлі ақпараттық жүйенің байланысы болмауынан туындаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бір ай бұрын ескерту беріледі, сол уақытта грантты қайтарады. Қайтарылмаған жағдайда сотқа береді." Біржан Хайруллин, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді