Қазақстандық қатерлі ісікке қарсы дәрі жақын арада нарыққа шығуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz/Елисеева Екатерина
11 наурызда өткен үкімет брифингінде ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылдың соңына дейін қатерлі ісікке қарсы отандық дәріні тіркеу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, екінші деңгейдегі клиникалық сынақтар қарқынды жүріп жатыр.

"Өткен жылы біз бірінші деңгейдегі клиникалық сынақтарды аяқтадық. Қазір біз жұмыс істейтін науқастардың қатары кеңейді. Қазір біз қатерлі ісіктің барлық түрлерін тексеріп жатырмыз. Өткен жылы тек тоқ ішек қатерлі ісігіне тексерілсек, қазір онкологияның барлық түрін қамтып отырмыз. Осы жылдың соңына дейін бұл дәріні тіркеп, нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз", – деп қосты Саясат Нұрбек.

Министр атап өткендей, нәтижелер өте жақсы, тұрақты және пациенттердің реакциясы оң.

"Орташа алғанда, ісік 30%-ға азайып, арнайы процедура арқылы осы препаратты сынауға қатысқан науқастарда ремиссия басталды", – деп қорытындылады Саясат Нұрбек.

2024 жылдың 14 тамызында профессор Дос Сарбасов қазақстандық қатерлі ісікке қарсы препараттың жасалуының егжей-тегжейлерімен бөлісті.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма