Қызылордада аккумулятор ұрлығымен айналысқан жас жігіт ұсталды

Фото: polisia.kz
Қызылорда қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреу үйінің ауласына заңсыз кіріп, есігі ашық тұрған көлігінің ішінен аккумулятор ұрлап кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен облыс орталығының 19 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті ұрлаған затты сатып, ақшасын бас пайдасына жаратқан. Тексеру барысында күдіктінің басқа да осы тектес қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

Ол 1 ай бойы қала орталығында есігі құлттанбаған және дабыл жүйесі онатылмаған көліктерден магнитофон, аккумулятор және тағы да басқа құнды заттарды ұрлап келген.

Полицейлер оның 10 ұрлыққа қатысы барын дәлелдеді. Қолды болған 5 аккумулятор, магнитофон және тағы да басқа көлік құралдары сатып алушылардан, қалғаны күдіктінің үйінен тәркіленді. Жәбірленушілерге келтірілген залал шамамен 1 млн теңгені құрады.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұрлық қылмысына күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Полиция қызметкерлері мүліктеріңізге барынша сақ болуды ескертеді.

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты