Жамбыл облысында биыл малын қараусыз қалдырған 300-ге жуық азамат жауапқа тартылды

Фото: polisia.kz
Өткен жылы жүргізiлген талдау нәтижесіне сәйкес, үй жануарларымен соқтығысу салдарынан 30 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 7 адам қаза тауып, 38 адам түрлі жарақаттар алды.

Малдардың иесiз, бос жүруi түрлі қайғылы жағдайларға себеп болуда.

"Қараусыз мал адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғаларының себепкері болып жатқанын иелері түсінуі керек. Олардың өз малына немқұрайлы қарауы орны толмас жағдайларға әкеп, адам тағдырына әсер етуі мүмкін. Одан бөлек, далада қараусыз қалған малды ұрылар оңай айдап әкетеді. Жыл басынан бері малын бақылаусыз қалдырған осындай 280 адам бізбен әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – дейді полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Орынбасар Жалдығараев.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлерімен жолдың бойында, жайылымдарда малдардың иесiз жүруi бойынша рейдтiк iс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарға малды қараусыз қалдырмауды, әсіресе жолдарға жақын аумақтарда оларды малшылардың бағуын ұйымдастыру мәселесіне қатаң назар аударуды сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды