Қазақстандық көп балалы отбасылар қандай жағдайда әр балаға 15728 теңге жәрдемақы алуға құқылы

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін, 17 наурызда 2025 жылдың басынан бері қанша көп балалы отбасылар мен марапатталған аналарға жәрдемақы алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 848,6 мың отбасы жалпы сомасы 99,9 млрд теңгеге, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 606,9 мың отбасы 86,9 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 241,8 мың адам 13 млрд теңгеге қамтылды.

2025 жылғы ақпан айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 850,9 мың отбасы жалпы сомасы 50,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 609 мың отбасы 44 млрд теңгеге, ал наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 241,9 мың адам 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды