Елімізде электр энергиясына сұраныс өсіп келеді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика саласын жаңғыртуда отандық өндірістің қуатын барынша тартуға маңыз беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы үшін өнім шығаратын кәсіпорындардың әлеуетін толық пайдалану жоспарланып отыр.

Қазақстандық компаниялардың жоспарланған өнім көлемі шамамен 3,5 триллион теңгені құрайды.

2019 жылдан бері электр энергиясын тұтыну 14%-ке өсіп, шамамен 120 миллиард кВт/сағ құрады, деп жазады 24.kz арнасы.

Халық санының өсуін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан индустриялық даму және цифрландыру саясатын ескере отырып, энергия тұтыну одан әрі арта түседі деп болжанып отыр.

Осыған орай Президент тапсырмасы бойынша ядролық энергетиканы дамыту қолға алынды. Бірінші АЭС құрылысының ауданы анықталды.

Тағы екі станция салу үшін құрылыс орындарын анықтау жұмыстары басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді