Жұлдыз Сүлейменова: 2024 жыл – әйел құқықтарын қорғау бағытында маңызды өзгерістер әкелген тарихи жыл болды

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
2025 жылдың 19 наурызында Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова өткен жыл еліміз үшін әйел құқықтарын қорғау бағытында маңызды өзгерістер әкелген тарихи жыл болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңіне арналған Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

Мәжіліс депутатының сөзінше, 2024 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси шешімдері және тиімді реформаларының аясында әйелдердің экономикалық, саяси және әлеуметтік мүмкіндіктері жыл кеңейіп, қолдау тапты.

"Соңғы 3 жылда БҰҰ Даму Бағдарламасының Гендерлік әлеуметтік нормалар индексіне сәйкес, еліміз 18 позицияға көтеріліп, әйелдердің білім, экономика және саяси қатысудағы гендерлік алшақтықты азайтуда әлемдік аренада өз орнымызды нықтай түстік." Жұлдыз Сүлейменова

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар неге әкелгенін айтқан болатын.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды