Алматыда қылмыстық ақшаға сатып алынған құны миллиард теңгеге тең зәулім үй табылды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған бұрын тәркіленген мүлікті беру мәселесінде заңдылықты қалпына келтірді.

2017 жылы Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ пен жалған кәсіпкерлер түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қылмыскерлер жалған мәмілелер жасай отырып, заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастырды. Мемлекетке келтірілген шығын 27,7 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық іс аясында үй құрылыстары бар жер учаскелері тәркіленді.

Алайда қала прокуратурасы құны 1 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарының бірі екі жылдан астам уақыт бойы мемлекет меншігіне берілмегенін, ал оны тәркілеу бойынша атқарушылық іс жүргізу заңсыз тоқтатылғанын анықтады.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша атқарушылық іс жүргізу жаңартылып, әкімдіктің қаулысымен үй құрылысы салынған жер учаскесі одан әрі пайдалану және сату үшін мемлекет теңгеріміне берілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды