Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жағдайға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады

Сурет: akorda.kz
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі 2025 жылғы 23 наурызда шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елшілік азаматтарды қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тарту маңызды екендігін жеткізді.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:

  1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496
  2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
  3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
  4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789

Еске салсақ, Ыстанбұлдағы ереуілдер 19 наурыз күні Экрем Имамоғлы қамауға алынған соң басталды. Оппозиция оның қамауға алынуының саяси астар бар екенін айтты. Ал, 21 наурызда Түркияда наразылық күшейіп, мыңлаған адамның ереуілге шықты. Анкара, Измир және Ыстанбұл қалаларында демонстранттар полициямен қақтығысты.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды