Алматыда пәтер ұрыларының қылмыстық тобы ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.

Алматы облысының үш тұрғынының қаладағы пәтер ұрлығының кемінде бес эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды.

Олар соңғы қылмысын пәтерлердің бірінде жасаған, сол кезде пәтер иесі күтпеген жерден келіп қалған. Қаскөйлер оның бетіне бұрыш спрейін шашып, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Ұсталғандардың екеуі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір үшеуі де уақытша ұстау изоляторында отыр. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, жедел іс-шаралар жалғасуда", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Тәртіп сақшылары ұсталғандардың қаладағы пәтер ұрлығының басқа да оқиғаларына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады