Белгілі қазақстандық журналист Лев Тараков қайтыс болды

Сурет: Fаcebook/Aida Balayeva
9 сәуірде белгілі қазақстандық журналист Лев Тараковтың қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ол 58 жаста еді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көңіл айтты.

"Лев Тараков – қазақстандық журналистиканың көрнекті тұлғасы ғана емес, отандық медиа саласының белсенді қызметкерлерінің бірі. Лев Юрьевич – жарқын медиа менеджер, шығармашыл жан, дарынды тұлға және тамаша публицист. Ұзақ жылдар бойы онымен жеке таныс болу, жұмыста араласу, жылы лебізбен, сыйластықпен араласу құрметіне ие болдым. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның журналистика аспанында тағы бір жарық жұлдыз сөнді. Отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын, – деп жазды ол Facebook-те.

Лев Тараков ұзақ жылдар "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры; Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі; Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің басшысы; "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы "Газета Литер" ЖШС бас директоры.

Zakon.kz редакциясы Лев Тараковтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды