Павлодар облысында қарақшылық шабуыл жасаған күдіктелер ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар облысында күзет ұйымының директорына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктелер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстады.

Күдіктілер пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденгені анықталды.

Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

"Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда", – деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды