Сейсмологтар Алматыдан 920 шақырым жерде жаңа жер сілкінісін тіркеді

Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының қызметкерлері бүгін жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы орталықтың сайтынан белгілі болды.

"2025 жылғы 16 сәуірде Астана уақытымен сағат 04:14:05-те Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "ҰБТКМ" АҚ сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координаттары: 36,600 N 70,460. Жер сілкінісі Алматының оңтүстік-шығысында, Ауғанстанның шығысында 29 шақырымда орналасқан",- осылай сәрсенбі күні жарияланған жедел хабарламада айтылған.

Жерасты дүмпулері Қазақстанда сезілген жоқ

2025 жылдың 13 сәуірінде қазақстандықтар Тәжікстанда болған жер сілкінісін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстанның Худжанд қаласынан 170 шақырым және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды