Астана әкімдігі мектеп бітірушілерге қатысты шектеулер туралы ақпаратқа түсінік берді

Сурет: gov.kz
Астана әкімдігі мектеп бітірушілерге соңғы қоңырауда суретке түсуге, вальс билеуге және лента тағуға тыйым салынды деген әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шаралар өткізілмейді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты ресми түрде хабарлаймыз: бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деді Астана әкімдігі.

Сурет: Telegram/astanovka

Әкімдік мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шаралар дәстүрлі форматта өтетінін атап өтті. Оларға лента тағуға, естелік альбом үшін суретке түсуге, сондай-ақ қоштасу вальсін билеуге рұқсат етіледі.

"Сонымен қатар, емтихан кезеңі қарсаңында ұстамдылық сақтауға және артық шығындардан аулақ болуға шақырамыз. Барлық бітірушілер үшін қауіпсіз және тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында аста-төк салтанатты шаралар, ақша жинау, автокеруендер және осыған ұқсас форматтарды өткізу ұсынылмайды", - деп хабарлады әкімдік.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді