Таластың екі ауылында ауыз су жүйесі іске қосылып, бір спорттық кешен пайдалануға берілді

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Елімізде халықтың әл-ауқаттын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырып келеді. Маңызды мәселенің бірі-ауыз су болып табылады.

Талас ауданында әлеуметтік-экономикалық дамытуың кешенді жоспарына сәйкес, біршама жұмыстар қолға алынған. Ел мерейін үстем еткен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ескі нысандар жаңарып, жаңа кешендер салынып ел игілігіне берілуде.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Талас ауданы Ойық ауылдық округі Сейілбек ауылы мен Берікқара ауылдық округінің Қожағаппар ауылында ауыз су жүйесі іске қосылып, Тамды ауылында спорт кешені пайдалануға берілді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Игі шараның басында сөз алған аудан әкімі Н.Жүнісбеков ауданда ауыз су мәселесі 99 пайызға орындалғанын, ағымдағы жылы 100 пайыз орындалып, ауыз сумен барлық ауыл қамтылатындығын атап өтті.

Келесі кезекте Сейілбек ауылының ақсақалдары А.Беймаханов пен Б.Сембек және Қожағаппар ауылының қариясы Ә.Мырзахметов ізгілікті істің ризашылықтарын білдірді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал, Тамды ауылындағы спорт кешенінің ашылуында аудан басшысы Нұрбол Әбдімәжитұлы сөз алып:

"Қолданысқа берілген спорт кешені салауатты өмір салтын насихаттауға, жастардың бос уақытысын тиімді өткізуіне, спортшыларымыздың биік белестерге жетуіне үлкен қадам болмақ! Тамды ауылы талай спорт саңлақтарын түлеткен құтты мекен. Спорттың қазақша күрес пен дзю-до түрінен тамдылық балуандарымыз көш басында. Дүбірлі додаларда ел абыройын асқақтатып, жауырыны жерге тимей жүр десек артық айтқандығымыз емес. Бүгін де алдыңғы буын палуандарымыздың ізін жалғаған жас жеткіншектер жетерлік",- дей келіп, кешенді сақтау, дамыту ортақ міндет екендігін айтты.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Келесі болып сөз сөйлеген Талас аудандық мәслихат хатшысы Қ.Садубаев пен облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Тәнкебаев әлемдік додаларда ауыл, аудан тіпті ел абыройын асқақтататын спортшыларымыз көбейе беретіндігіне сенім білдірді.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды