Көкшетауда бопсалаушылар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды

Сурет: ҚР ІІМ
Көкшетауда бопсалау дерегі бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкшетау қаласының полицейлері бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды.

Құқық қорғау органдарына қалада жеке такси жүргізушісі хабарласып, белгісіз адамдардың жүйелі түрде ақша талап етіп, қорқытып жүргенін мәлімдеді.

Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер күш қолдану және зәбір көрсету арқылы бірнеше рет ақша бопсалаған.

Қылмыстық жағдай туралы хабарлама келіп түскен бойда жедел іздестіру шаралары қолға алынып, полиция қызметкерлері бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде құқық бұзушылардың әрекеті бейнематериалдар арқылы дәлелденіп, жәбірленушіге ақша берген сәтте олар қылмыс үстінде қолға түсті.

Күдіктілер – 29 және 24 жастағы үш жергілікті тұрғын болып шықты. Олардың екеуі бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды құқық бұзушылықтарға төзімсіз болуға, сондай-ақ қандай да бір бопсалау әрекеттері туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады. Заң алдында әркім өз ісі үшін жауап береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған